ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полицейлер 7 күннен бері хабарсыз кеткен 18 жастағы қызды аман-есен тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 18 жастағы қыздың анасы хабарласты. Онда қызы белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмағаны туралы айтылған.
Қызылорда қаласында тұратын азаматша 15 қазан күні сағат 17:00-18:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан үйге қайта оралмаған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде жоғалған бойжеткен 22 қазанда таңғы уақытта облыс орталығынан табылып, ата-анасына табысталды. Полицейлер табылған бойжеткеннің және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жүргізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.