Облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратованың айтуына қарағанда, қазіргі күні облыс кітапханаларындағы 4 590 басылымның барлығы дерлік цифрлық форматқа көшірілген.
«Сыр өңірінде осындай уақыт талабына сай бірқатар бастама қолға алынды. Тіпті танымал тұлғалардың шығармаларын ұялы телефонға жүктеп алып оқуға болады. Ал ауылдық кітапханаларда онлайн-орталық жобасы іске қосылды. Осылайша шалғайдағы жұрттың жедел ақпарат алу мүмкіндігі артып отыр. Мұнан бөлек облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жастарды IT технологияға баулу сабағы тегін өткізілуде»,-дейді Н. Мырзамұратова.
Бұдан бөлек жұмыссыз жастарға және әл-ауқаты төмен әлжуаз отбасыларға арналған интеллект орталығы қызмет етеді. Бұл жерде 18-35 жас аралығындағы жастар компьютерлік сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алады.