ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада екі жастағы сәби үрлемелі бассейнге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға жұма, 22 шілдеде сағат 19.25 шамасында болған. Облыс орталығында орналасқан К. Рүстембеков көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған 2020 жылы туған сәби үрлемелі бассейнге батып кеткен.
«Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау лазым. Балаларға барынша сақ болыңыздар», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бала бассейнге батып кете жаздаған еді. 10 жастағы бала «Арай» аквапаркінде бассейнге суға түспек болған. Мекеме құтқарушылары баланы дер кезінде судан шығарып үлгерген.
Фото: intexregion.ru
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.