ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткен 21 жастағы азаматша аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасына хабарлама келіп түскен. Онда 1999 жылғы азаматшаның көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткені айтылған.
«Облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1 бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұдан бұрын Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.