ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Дүр Оңғар ауылында 21 жастағы жігіт Сырдария өзеніне суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол өзеннің арнайы белгіленбегентұсында суға түспек болған. Оның жансыз денесі көп ұзамай сол аумақтан табылып,судан шығарылды.
«Қызылорда облысы аумағында жыл басынан бері 29 адам суға кетті. Оның 12-сібала. Департамент тарапынан судағы қауіпсіздік жөніндегі рейдтер менүгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Соған қарамастан суғатүсудегі қауіпсіздік шаралары сақтала бермейді. Сондықтан облыс тұрғындарынаөздері мен балаларының суға түсу кезінде сақ болуын сұраймыз»,-деді Қызылордаоблысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.
Бұдан бұрын Аралда тепловоз рельстен шығып кеткенін хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.