ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 21 жылқыны қолды еткен ұры қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арал ауданы Тоқабай елді мекенінің тұрғыны полицияға арызданған болатын. Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде мал ұрлаған адам қолға түсті.
«Күдіктіні Аралға көршілес Қазалы ауданының қызметкерлері ұстады. Қылмыстық істі ашуда криминалдық полиция қызметкерлері, полиция майоры Алмат Бердібеков, жедел уәкілдер полиция аға лейтенанты Нұрбек Алмағанбетов және Мұрат Баймаханов белсенді әрекет етті. Оларға Арал ауданында 21 жылқысы қолды болған тұрғын Аралбек Байжақанов алғысын білдірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.