ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 23 жастағы жігіт үш айдан астам уақыттан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасы мәлім етті.
«1999 жылдың 10 қарашасында дүниеге келген Төребеков Асқар Берікұлы биылғы жылдың маусым айында үйінен шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған. Бойының ұзындығы 182 см, арықша келген. Шашы қысқа. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны 18 қыркүйектен бері табылмай жатқанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.