Тиісті іздестіру жұмыстары нәтижесінде 25 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, ішкі істер басқармасына жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында айғақ зат ретінде аудио-жазбалар алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Нәтижесінде аталған азаматтың деструктивті діни ағымды ұстана отырып, әлеуметтік желідегі өзінің парақшасы арқылы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық және діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерді жасағаны дәлелденіп, ағымдағы жылдың 15 наурызында Қызылорда қалалық сотының шешімімен «кінәлі» деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес 2 жыл 10 айға шартты түрде сотталды.