ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған тұрғыннан 254 келі балық тәркіленді , – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арал ауданы «Қаратерең» ауылының тұрғыны «Ақлақ» су бөгетінде заңсыз балық аулау үстінде табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлерінің қолына түсті. Облыс көлемінде 1-31 мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында арнайы мобильдік топ құрылған.
«Заңсыз балық аулаған тұрғыннан резеңке қайық, ау және 254 келіден астам балық тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Онда балық ресурстарын заңсыз алу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада жергілікті тұрғын ауылдасының өліміне себепші болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.