ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, дүйсенбі, 28 қараша күні тежегіш қақпақтың іске қосылуынан газды үлестіретін 5 шкафты бекеттің жұмысы тоқтап қалды.
Оның салдарынан Гагарин мен Титов кенттері, Ипподром мен Сырдария шағын аудандарындағы 2650 жер үй көгілдір отынсыз қалды.
Төтенше жағдайды жоюмен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның апатты бригадасы айналысуда.