ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 27 жастағы жігіт көршісінің банк қосымшасындағы ақшасын өзінің шотына аударып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылордада 27 жастағы жігіт көршісінің сенімін пайдаланып, оның депозиттік шотынан 304 мың теңгені өз шотына аударып алған. Көршісі одан өзінің депозиттік шотын банктің мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп беруді сұраған.
«Бір айдан кейін жәбірленуші шотта ақшаның жоқтығын байқап, Қызылорда қаласының Полиция басқармасына арызданған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.