ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қызылордада 167 пәтер ұрлығы қылмысы ашылып, 28 қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың тек желтоқсан айында облыс орталығында 4 пәтер ұрлығын жасағаны үшін Арал ауданының 2 тұрғыны құрықталды. Сондай-ақ, 5 пәтер ұрлығы мен 2 тонау қылмысын жасағаны үшін Қызылорда қаласының 4-тұрғыны ұсталды. Олар жасаған қылмыстарын толығымен мойындап тергеу абақтысына қамалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.