ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 29 жастағы азаматша төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңақорған кентінде тұратын 1992 жылы туған Агнярова Гүлбейне 17 маусым күні сағат 08.00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Бұл жөнінде туыстары аудандық полиция бөліміне арызданған.
«Аталған азаматшаның ерекше белгілері: бойы – 170-175 см, шашы – ұзын, қара, көзі – қара, домалақ, қыр мұрынды, қалың қасты, домалақ ерінді. Үстіне ақ түсті көйлек, қолында көк түсті сумка, аяғында ақ түсті туфли киген», - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.
Бұдан бұрын Қызылордада екі күннен бері іздеуде болған жасөспірім қыз өлі күйінде табылғанын жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.