Қызылордада 32 жаңа онкологиялық ауруларға көмек беру кабинеті ашылған

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда облысында қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру бағытында ауруды ерте анықтау және онкологиялық ауруларға көмек сапасын жақсарту мақсатында 32 мамандандырылған кабинет ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Профилактикалық кабинеттермен жабдықтау 45,8%-дан 87,5%-ға, кадрмен қамтамасыз ету көрсеткіші 37,5%-дан 79,1%-ға  жоғарылады. Сонымен қатар, аудандарда аталмыш ауру түріне анальгетиктердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

- Жыл басынан бері  жоспарланған 70 маманның 90%-ы білім деңгейлерін арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 14 маммолог, 8 онколог қайта даярлаудан өтсе, проктологиялық және қарау кабинеттерінің 40 маманы білімдерін жетілдірді. Қатерлі ісік ауруынан І-ІІ сатысында алғаш анықталғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 24% өскен. Аталмыш аурудың асқынуы 42%-ға, дерттен қайтыс болу көрсеткіші 21%-ға төмендеген, - деді А.Әлназарова.