ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында 32 жастағы азаматша 11 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті.
Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қаласы Полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.