«Абақтыға түскендердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, олардың білім алуына мүмкіндік тудыру, жазалау мерзімі аяқталғанша қандайда бір мамандыққа баулудың маңызы зор. Осы себепті, биылғы жылы Қызылорда политехникалық колледжінде газ-электр дәнекерлеуші мамандығы бойынша 14 сотталған азамат және Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде ағаш шебері мамандығы бойынша 21 сотталған азамат диплом алды», дейді Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басысы ғанибек Отарбаев.
Мерекелік шараға қатысушы Қызылорда политехникалық колледжінің директоры Бақыт Кенбаев түлектерді құттықтады.