Қызылордада 35 жасар азаматты азаптап өлтіргендер ұсталды

None
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қызылорда облысында Сырдария ауданының Тереңөзек ауылында тұратын 35 жасар тұрғынын ұрып-соғып өлтіргендер қолға түсті.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қылмыстық әрекетті күдіктілер пайдакүнемдікпен жасаған. Нақтырақ айтқанда, мерт болған азамат жолаушылар тасымалдаумен айналысып жүрген. Ал қылмыстық әрекет орын алған күні ол Қызылордадан Тереңөзек ауылына жеткізу үшін көлігіне үш жолаушыны мінгізіп алады. Тереңөзек аулына жете берер тұста үш жолаушы жүргізушіні пышақтап, оның «БМВ» маркілі көлігін мініп кетеді. Ұрланған көлікті олар бөлшектеп, бөлшектердің бір бөлігін сатып жібереді. Ұсталғандардың біреуінің үйін тексеру кезінде ұрланған көліктің бөлшектері, ал көліктің қалған бөлшектері «Қызылорда-Тереңөзек» тас жолының бойынан табылды.