Бұл туралы V шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында депутаттар алдында есеп берген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Қалада бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар биыл да өз жалғасын табады. Қалалық бюджеттен бөлінген 11 млн.теңгеге Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубы ашылды.
Биылғы жылы 534 млн. теңгеге 37 аула және балалар ойын-спорт алаңдары пайдалануға беріліп, Тасбөгет кентінде салынатын спорттық сауықтыру кешендерінің жоба-сметалық құжаттары әзірленеді.
Салынатын аула және балалар ойын-спорт алаңдарының ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді болмақ.
Облыстық футбол федерациясының қолдауымен қаладағы № 101 мектеп ауласынан шағын футбол алаңы салынды және Ильи Ильин атындағы спорт алаңы қайта жаңғыртылуда.
Мұнан өзге, биыл қалада демеушілер есебінен 25 млн.теңгеге бір мезетте 20 азаматқа тұрақты қызмет көрсететін «Ақмерген» ату тирі пайдалануға берілді.
Жыл ішінде Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығы мен бокс сарайының құрылысы салынады.