ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 45 жастағы азамат Сырдария өзенінің щомылуға тыйым салынған тұсында суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға 14 маусымда сағат 20.30 шамасында орын алды. Жергілікті 112 құтқару қызметіне «Арай» шағын ауданы тұсындағы дария аумағында 45 жастағы азаматтың суға батып кеткені жөнінде хабар келіп түскен.
«Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасақ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар суға батып кеткен азаматты су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізді. Денені су астынан сағат 20.38-де жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.
Мәлім болғанындай, суға батып кеткен азамат мас болған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.