ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 46 жастағы азаматан алты айдан астам уақыттан бері хабар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласының 46 жастағы қала тұрғыны Науанов Еркін Аханұлы 2022 жылғы 9 шілдеде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Содан бері үйіне қайта оралмаған.
Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салды.
Ерекше белгілері: бойы: 1,75 -1,80 см орта денелі, шашы қара ақ аралас, көзі коңыр, қалың қасты.
Киімі: ақ түсті футболка, қара түсті шалбар.
«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдай 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалған 61 жастағы ер адам табылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.