ҚАРМАҚШЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 47 жастағы азамат суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға аудан орталығы - Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзені бойында болған. Азамат рұқсат етілмеген орында суға түскен. Оның денесін судан бірнеше сағаттан кейін төтенше жағдайлар мамандары алып шықты», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін тағы да үш адам суға кетіп, көз жұмған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.