Бұл қылмыстық істер облыс көлемінде жүргізілген «Көкнәр-2019»жедел профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі болды. Жергілікті сақшылар 1маусымнан бастап бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарды. Алғашқы екі айдынқорытындысы бойынша 200-ден астам есірткіге қатысты құқық бұзушылығы анықталды.Олардың қатарында 16-ы есірткі затын сату, 10-ы есірткі затын аса ірі мөлшердезаңсыз сақтау, 42-сі есірткіні заңсыз егу болып табылады.
«Бұл бағытта ішкі істер органдары мен облыстың мүдделі қызметтері, басқада құқық қоргау органдары және арнайы органдарымен бірлесіп қажетті жұмыстарды атқарып келеді. Есірткінің заңсыз алқаптарын анықтаужәне жою бағытында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Бұлмақсатта облыс аумағында ғарыштан спектрлік бақылау мүмкіндіктері қарастырылған.Сонымен қатар, тікұшақ және ұшқышсыз басқарылатын әуе техникалары қолданылуда»,- деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Бұдан бұрын Аралда сора егілген алқап табылғанын хабарлағанедік https://kaz.inform.kz/news/aralda-sora-egilgen-alkap-tabyldy_a3554681.
Сондай-ақ, Жалағаш ауданында да есірткі алқабыанықталды https://kaz.inform.kz/news/sora-osirip-sorlady_a3555485.