Қызылордада 50278 мың теңге болатын екі шақырымға жуық су құбыры салынуда

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Биыл Қызылорда қаласында «Жол картасы» аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын жаңадан салу мен күрделі жөндеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Оны атқаруға онға жуық мекеме тартылған.

Соның ішінде «Бабас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаланың солтүстік бөлігіндегі бірнеше көшеде су құбырларын жаңғырту жұмысын жүргізуде. Серіктестік бұл ауданда жалпы құны 50278 мың теңге болатын екі шақырымға жуық су құбырын салуда. Қазір мұндағы Майлин және Чижа Сан Тин көшелеріндегі су құбырларының құрылысы толық аяқталды. Енді ол жақын күндері пайдалануға берілмекші.