ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 1 ақпанға дейін коронавирус инфекциясына қарсы 505 адам екінші мәрте вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірге 1 ақпаннан бастап Ресейде өндірілген «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Алғашқы кезеңде вакцина 939 медицина қызметкеріне, қалғаны жергілікті тұрғындарға егілді.
Бұл кезең 1-17 ақпан аралығында жүргізілді. Ал келесі кезеңнің басталуы үшін науқас екпе алғаннан кейін арада 21 күн өтуі қажет.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 27 ақпанға дейін облыста 440 адам екінші мәрте екпе салдырса, 1 наурызда олардың қатарын тағы 65 адам толықтырды.
Облыс орталығындағы №6 қалалық емхананың аумағында орналасқан қоймада коронавирусқа қарсы және өзге де вакциналар сақталады. Өңірге аталған қажеттілікті «СК-Фармация» мекемесі жүзеге асырады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.