ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жергілікті шаруа қожалығының бір күннен бері хабарсыз кеткен 53 жастағы малшысын іздеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол 10 наурызда шаруа қожалығының жайылымынан белгісіз бағытқа шығып кеткен. 1968 жылы дүниеге келген азамат содан бері қайта оралмаған.
«Оқиға орнына 11 наурызда сағат 13.00 шамасында Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 5 құтқарушысы 1 техникамен аттанып кетті. Іздестіру жұмыстары жасалуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.