ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада 54 жастағы ер адамды 13 күннен бері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғанындай, облыс орталығының тұрғыны ұста болған. Ол 2 мамыр күні Тасбөгет кентіне кеткен, содан бері хабарсыз.
«Аталған оқиға бойынша дерек 7 мамырда тіркелді. Бұл жайлы Қызылорда қалалық полиция басқармасының 102 байланыс арнасына бір әйел қоңырау шалған. Жоғалған ер адамды іздеу үшін учаскелік полиция инспекторлары, криминалды полиция қызметкерлері арасында топтар құрылды. Кешенді жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің маманы Тимур Досмайыл.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.