ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 56 жастағы азаматша бір айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласында тұратын 56 жастағы Зағира Бердібекқызы Бәйімбетова 19 сәуірде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Содан бері үйіне қайта оралмаған.
Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы тұрғынға іздеу салды.
Ерекше белгілері: бойы: 155 - 160 см, толық денелі, аққұба келген, шашы сары түсті.
«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 7 705 255 8125 телефон нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.