Өңірде бала өлімі көрсеткішін төмендету мақсатында облыстық балалар ауруханасы жанынан ашылған неонаталды хирургия бөлімшесіне жергілікті бюджеттен бөлінген 42 млн теңгеге медициналық-құрал жабдықтар сатып алынған.
«Ағымдағы жылдың 6 айында алғаш рет өңірде кеуде клеткасының деформациясына, жұлын-ми жарығы, жайылған перитонитке, бас сүйегі дефекттісіне, гидроцефалиямен туылған 21 нәрестеге ота жасалынды», - деді Ақмарал Әлназарова.
Сонымен қатар ол облыста 0-5 жастағы балалардың аурушаңдығын төмендету, өлім-жітімді болдырмау және балалардың физикалық-психикалық жетілуін жақсартуға мүмкіндік туғызатын «Тиімді технологиялар тренингтік орталығы» ашылғандығын атап өтті.
«Орталыққа жергілікті бюджеттен 7 млн 500 мың тенге бөлініп, 1077 медицина қызметкерлері балалық шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу бағдарламасымен оқытылды», - деді аймақтың бас дәрігері.
Оның айтуынша, бұл медицина қызметкерінің бала күтіме байланысты біліктілігін арттырып, ауыруды ерте анықтауға мүмкіндік береді.