ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 7 адамның 6-уы медицина саласында қызмет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлім етті.
«Олардың арасында 1-уі дәрігер, 2-уі көлік жүргізушісі, 1-уі техникалық қызметкер және 2 медбике бар. Аталған азаматтар инфекцияны скринингтік тексеруден өткізу барысында жұқтырған», - деді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 177 адам тіркелді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.