ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бүгін 9 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың барлығы Қызылорда қаласында тұрады. Науқастардың ішінде жасы ең үлкені - 1956 жылғы әйел адам болса, ең жасы - 2014 жылы туған қыз бала.
«ПТР анализдері 8 адамнан ауру жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты және бір азаматтан ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес алынған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 275 адам тіркелген. Оның ішінде 219 адам емделіп шыққан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.