ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жеті жасар ер бала бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 12 шілде сағат 12.45 шамасында Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған.
«Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2016 жылғы ер бала құлап кеткен. Ол алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Тұрғындардан бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Оның арасында біреуі алған дене жарақатынан көз жұмды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада суға кеткен студенттің денесі үш күннен кейін табылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.