Қызылордада 72 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 72 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін өңірде барлығы 72 905 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентімен егілді.

Оның ішінде 64 388-і - жасөспірімдер. Ал жүкті әйелдер арасында 2 610 адам бірінші компонентті салдырды. Лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентті алғандар - 5 897 адам. Қалғаны - басқа топтадағы тұрғындар.

«Айта кетерлігі, өңірде Pfizer препаратымен ревакцинация жасап жатқандар да бар. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 154 мыңнан астам адам ревакциналанды.