ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында сегіз ай бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, әйел 2020 жылдың 30 қазанында үйінен белгісіз бағытқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Іздеу жұмыстарына арнайы мобильді топ құрылып, оның жұмысына құзырлы органдардың күштері мен еріктілер жұмылдырылды.
«Полицейлер Қызылорда қаласына қарасты Белкөл елді мекенінен 2,5 шақырым аумақтан белгісіз адамның мәйіті тапты. Бірнеше мәрте жүргізілген сараптамалар нәтижесінде ол сегіз ай бұрын жоғалған әйелдің мәйіті екендігі нақтыланды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Қазіргі таңда тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Кісі өлімінің нақты себептері анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.