Бұл күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақта облыс орталығының көркеюіне үлес қосу мақсатында келген Сырдария және Шиелі ауданының өкілдерімен бірге тал екті.
Саябақта 1000-нан астам, жалпы маусым басталғалы 4000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке 153-ке жуық облыстық мекемелер мен қалаға қарасты бөлімдер және қала аумағындағы 450-ден астам кіші және орта бизнес құрылымдары тартылып, шамамен 6700-ден астам адам қатыстырылды.
Сенбілік барысында арық жүйелері, жаяу жүргіншілер жолдары, мекемелер аумағы тазаланып, 8700 түп тал егілді.