Абай шығармаларын насихаттау, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу мақсатында өткізілген мүшәйраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 14-25 жас аралығындағы 20-ға жуық ақын қатысты.
Ақындардың өлеңдерін арнайы құрылған сараптама тобы іріктеп, өлеңдеріндегі сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне баса назар аударды. Нәтижесінде, Қазалы ауданынан қатыстан жас ақындар №25 мектептің 10-сынып оқушысы Дина Бөкебай ІІ орын, №91 мектептің 11-сынып оқушысы Елнұр Нұрқасым ІІІ орын және №97 мектептің 10-сынып оқушысы Сәулет Алдасберген арнайы жүлде иеленді.