ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «Әлемдік ойдың алыбы» тақырыбында әдеби - танымдық онлайн-кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп өткізілді.
Шара барысында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова құттықтау сөз сөйлеп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары Айман Айтбаева мен Б.Байжанова ақын шығармашылығы мен зерттеулеріне тоқталды. Кездесуге қатысушылар Абай мұрасыдағы сирек кездесетін кітаптармен, олардың ішінде 1936 және 1939 жылдарда шыққан латын графикасындағы басылымдарға ерекше назар аударды. Абай мен оның ұрпақтарының өмірінен айтылған қызықты деректерді қызыға тыңдады. Кітапханашылар ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Бұдан бұрын Қызылордада Абай қолданған заттар қойылған жылжымалы көрме ашылған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.