Қызылордада адам қаққан көлік иесі іздестірілуде

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының Қорқыт ата көшесінде автокөлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлікоқиғасы орын алған жерден автокөлік иесі бой тасалап кеткен. Қазіргі таңдазардап шеккен жүргінші медициналық мекемеде ем алып жатыр.

«Жол-көлікоқиғасы Қызылорда қалалық полиция басқармасының ақпараттарды есепке алужөніндегі кітабында тіркелді. Бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылуда. Автокөлік анықталды.Жүргізушісі іздестірілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полициядепартаменті баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмғанынхабарлаған едік .