Қызылордада адам өлтірген деструктивті діни ағым ұстанушысы сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада зорлық-зомбылық жасау арқылы адам өліміне себепкер болған азамат бас бостандығынан айырылды. Ол деструктивті діни ағым ұстанушысы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыроблыс орталығындағы Қыдыров көшесінде орналасқан үйдің бірінен бір азаматтыңмәйіті табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалған болатын.

Қызылордаоблыстық полиция департаменті кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді.Нәтижесінде бұл қылмыс бойынша күдікті ретінде облыс орталығында тұратын 37жастағы азамат қамауға алынды. Аталған азаматтың жеке басын анықтау барысында оныңдеструктивті діни ағым ұстанушысы екендігі анықталды.

«Адамөлтіру дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгітергеп-тексеру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде айыпталушы азаматтың аталғанқылмысқа тікелей қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстық іс-әрекеті толықәшкерленді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментініңбаспасөз қызметі.

Қызылордақалалық № 2 сотының аталмыш қылмысқа қатысты үкім қабылдады. Оған 8 жыл 6 аймерзімге бас бостандығынан айыру жазасытағайындалды, үкім күшіне енді.

Бұданбұрын Қызылордада полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған 4 жігіт қолғатүскенін хабарлаған едік.