ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бүгін адам өлтіруге оқталу дерегі анықталды, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 5 қазанда Қызылорда қаласында болған. 56 жастағы азамат атыс қаруымен 43 жастағы таныс әйелді жарақаттап, оқиға орнынан қашқан.
«Салдарынан жәбірленуші жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған ота жасалып, дәрігерлік бақылауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, күдікті анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Еске салсақ, биыл Қызылордада биылдыққа жол-көлік оқиғасынан 91 адам қаза тапты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.