Қызылордада агроөнеркәсіп кешен саласында 148 жоба іске аспақ

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Облыста аграрлық саланы дамытудың 9 негізгі бағыты анықталды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүргізілгензерттеулердің нәтижесінде біз екі негізгі категория бойынша дамудың секторларынайқындадық. Бұл - ішкі нарықты толықтыру және экспортқа бағдарланған өнімөндірісін кеңейту үшін агроөнеркәсіптік кешен секторын дамыту. Сонымен қатар,өңірдің табиғи климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай, аграрлық саланыдамытудың 9 басым бағытын анықтадық. Олар: ет және сүт мал шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығынәртараптандыру, суармалы жерлерді қалпына келтіру, зәкірлік кооперацияны қайтаөңдеу және дамыту, балық шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өткізу,инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру. Аталған барлық бағыттарды іске асырумақсатында кластерлік негізде өндірістік процестерді басқаруға цифрлықтехнологияларды ендіру қажеттігі туындауда. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіптік кешенөнімдерін дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 148 жобаны іске асыруды жоспарлапотырмыз»,-деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өңдеу өнеркәсібін дамыту еңбек өнімділігі менэкспорт көлемін және еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсуін қамтамасыз ететінін атапөтті.

«Осыған байланысты, облыста сүт, ет, жұмыртқа, құс еті,картоп, ұн тарту өнімдері мен жылыжай көкөністерін өндіруді жетілдіру қажет.Енді біз алдағы уақытта осы салаларды дамытуға ерекше назар аударатын боламыз.Қазіргі уақытта Арал қаласында ұн өндірісі қалпына келтірілді, Қармақшыауданында құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде, Қызылорда қаласында еткомбинаты мен жылыжай салынуда, көпжылдық жеміс екпелері бар алаңдаркеңейтілуде, Шиелі ауданында және Қызылорда қаласында жұмыртқа өндірісідамытылуда»,-деді Қуанышбек Ысқақов.

Сондай-ақ, өңірде су қоймаларын салу және суармалы судытиімді пайдалану бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады.

«Атапайтқанда, ирригациялық және дренаждық желілерді жетілдіру жөніндегі жобалардыіске асыру арқылы суармалы суды 30%-ға дейін үнемдейміз. Және жер асты көздерінпайдалану, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану, коллекторлықсуларды қайта пайдалану есебінен суармалы жерлерді 95 мың гектарға көбейтіп,300 мыңға жеткіземіз. Нәтижесінде біз аграрлық сектордағы өндіріс көлемін 79млрд. теңгеге ұлғайта отырып, 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарынашамыз»,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, суарылмайтын шөл-егінді жерлерде майлы жәнеазықтық дақылдар егісін кеңейту жоспарлануда. Ол үшін ғалымдардың инновациялықәзірлемелерін, яғни аквасорбенттер мен аквагельдер пайдаланылады.

«Агроөнеркәсіпкешенінің маңызды саласы, дамудың жаңа мүмкіндіктерінің бірі - шикізат жәнеазық-түліктік емес аграрлық өнімдер өндірісі. Мәселен, ет-сүйек және балық ұнының өндірісі аймақтағы мал және балықөсірушілерді сапалы қоспалармен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларға тауарларынҚытай мен Еуропаға экспорттау арқылы пайда табуға мүмкіндік береді. Теріөндірісін дамыту бойынша да өсудің жаңа мүмкіндіктері бар. Жыл сайын облысбойынша 65 мың ірі қара малдың терісі, 131 мың ұсақ қара малдың терісі және 800тоннаға жуық қой терісі, 40 тонна ешкі және 100 тонна түйе жүні сатып алынады», - деді Қуанышбек Ысқақов.

Сыр өңірі мия тамырын қайта өңдеу бойынша айтарлықтайәлеуетке ие.

«Бүгінгі күні шикізат күйінде экспортталған мия тамырының 50пайызы Қызылорда облысына тиесілі.Қазіргі уақытта осы қызмет түрі заңдастырылған көрші Өзбекстан Республикасындаосындай 30 кәсіпорын жұмыс істейді, бір кәсіпорынның орташа жылдық табысы 15млн.ақш долларын құрайды. Осы ретте Өзбекстан елінің тәжірибесін пайдалануорынды деп есептейміз. Өзбекстан Республикасының үлгісінде елімізде мия тамырынжинау және пайдалану тәртібі туралы заң жобасын дайындауға кірісу қажет депсанаймын. Бұл халықты жұмыспен қамту және шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі.

Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.Онда аймақтың І жартыжылдықтағы даму қорытындысы шығарылып, келешек жоспарларыайқындалды.