«Гауһар жырдың дүлдүлі - Мұқағали» деген атпен өткен бұл шара балалар әдебиеті бөлімі ұйымдастырған «Алтын қаламды ардақты ақын» атты әдеби-сазды кешпен басталды. Оған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейінің ұстаздары мен оқушылары атсалысты. Кеште ақын жырлары оқылып, өлеңдері бойынша жазылған әндер орындалды.
Шара барысында кітапханада «Тау тұлғалы талант» атты кітап көрмесі ашылды. Балалар әдебиеті бөлімінің жанындағы «Рауан» интеллектуалдық шығармашылық клубының мүшелері, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары ақынға арналған өз өлеңдерін оқып берді.
19:11, 15 Ақпан 2011
Қызылордада ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған апталық өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған апталық мәреге жетті.