Ол үстіміздегі жылдың 28 ақпанында тәртіп сақшыларының қолына түсті. 1987 жылы дүниеге келген әйел жасөспірім қыздарды алдап, олардың алтын бұйымдарын алып кетіп отырған. Оқушылардың ата-аналары оның үстінен Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасына шағым түсірген.
ІІД баспасөз қызметінінің хабарлауынша, алаяқ әйелдің әрекетінен 6 адам зардап шеккен. Жедел іздестіру барысында оңай жерден олжа іздеген келіншектен айғақ заттар алынды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
«Осыған орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті ата-аналар балаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Балалар бөтен адамдармен сөйлескенде сақтық шараларын сақтау қажет» деп жазылған хабарламада.
Аталған азаматша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Әділжан Үмбет