Қызылордада алаяқтық қылмысы өршіп тұр

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында алаяқтық оқиғалары өршіп тұр. Биылғы жарты жылдықта осындай 483 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елді алдағанадамдар жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайларын түзеп беру, жұмысқаорналастыру, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбеннесие алып беру секілді жағдайларға үйіп-төгіп уәдесін береді. Сондай-ақ,кезектен тыс жер, пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткендері бар.

«Биыл тіркелгеналаяқтық деректердің ішінде 98 адам интернет желісі немесе ұялы телефон арқылысенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырған, 63 адам жұмысқа тұрғызамын деп уәдеберген, 68 алаяқ несие алуға көмектесемін деп алдап соққан, 63 адам жұмысқатұрғызамын деп алдап кеткен. Сондай-ақ, қарызға ақша алып қайтармағандар жәнебасқа да жағдайлар бойынша алаяқтық жасағандар бар», - деп мәлім етті Қызылордаоблыстық полиция департаменті.

Нәтижесіндебиылғы 6 айда алаяқтық жасағаны үшін 154 адам қолға түсті. Олардың 84-інеқатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды. Ал 70-не қатыстыекі тараптың келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс қысқартылып,келтірілген шығын өндірілді. Осықылмыстар бойынша күдіктілердің 107-і әйел, 47-і ер азамат.

Бұдан бұрынҚызылордада таныстарының атына кредит алған студент сотталды.

Соңғы жаңалықтар