ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда қаласында жыл басынан бері 224 алаяқтық дерегі тіркелген. Олардың 121-і интернет желісі арқылы жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алаяқтық қылмыспен айналысатындардың 70 пайызы – әйелдер.
Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы былтырғымен салыстырғанда 44,1 пайызға азайған
«Бұл халықтың құқықтық сауатының жылдан-жылға өсіп келе жатқандығын білдіреді. Полиция қызметкерлері күнделікті халыққа алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіруде. Тұрғындар осыған мән беруі қажет. Алайда, алдап-арбаудың жетегінде кетіп жатқандар көп», - деді Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған әйел ұсталған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.