ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп елді алдаған жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сотталушы А. бұл әрекетін Қызылорда қаласында жасаған. Екі танысына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып бере алатынын айтқан. Олардың бірінен 800 мың теңге алса, екіншісінен 1 млн 500 теңге талап еткен. Осылайша қомақты қаржыны қалтаға басқан.
«Оның алаяқтық әрекеті жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Күмісбай Қусекеев.
Бұдан бұрын Қызылордада алаяқ әйел төрт тұрғынның 1, 5 млн теңгесін үптеп кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қызылордада тұрғындардың 3 млн теңгесін алып кеткен алаяқ әйел сотталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.