Бұл туралы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының мәліметіне сілтеме жасап, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, алдағы төрт тәулікте түнде облыс аумағында -20-25, кей жерлерде -30 градусқа дейін аяз болады. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларына баса назар аударуды ескертеді.