Қызылордада алдағы үш күнде қатты ыстық болады
15:53, 11 Тамыз 2014
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында алдағы 12-14 тамыз күндері қатты ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда гидрометеорология орталығынан хабарлады.
Осы үш күн ішінде Қызылорда облысының кей жерлерінде күндізгі ауа температурасы 40-43°С градус ыстыққа дейін көтеріліп, солтүстік-батыстан соққан желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аудару керектігін ескертеді.