Өңірдің әлеуметтік дамуына биылғы жылы 122 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 35 пайызға, 2013 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ тұрғындар табысының өсуі (7,7 пайызға дейін), бөлшек тауар айналымының 25 пайызға дерлік жоғарылауы, екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындар салымының артуы (жан басына шаққанда 21 пайызға) қызылордалықтардың әл-ауқаты жақсарғанын көрсетеді.