ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл алғашқы қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16 қарашада жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты. Мұндай көрініс облыс орталығы және аудандарда байқалды.
Жолдарды қардан тазалу мақсатында қалада «Қызылорда тазалығы» ЖШС-ның 100-ден астам қызметкері және арнайы техникалары жұмылдырылған. Мамандар түнгі сағат 01:00-ден бастап қала көшелеріндегі қарды тазалауға кірісті.
«Қазгидрометтің» облыстық филиалы 17 қарашада түнде облыс орталығында және шығысында қатты қар жауатынын хабарлады.
Облыстық полиция департаменті көлік иелеріне жолдың көктайғақ болуына байланысты сақ болуын ескертеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.