ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тиісті құжатсыз сыра өнімдерін сақтаған кәсіпкер жазаға тартылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары Жаңақорған кентінде алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізді. Нәтижесінде оның жұмысынан бірқатар кемшіліктер анықталды.
«Тексеру барысында кәсіпкердің құны 3 млн теңгеге жуық сыра өнімдерін жүк құжатынсыз сатқаны және сақтағаны белгілі болды. Сыра өнімдерінің жалпы саны - 15980 дана. Осыған орай ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 82-бабына сəйкес құжат жиналды. Құжаттар шешім қабылдау үшін Жаңақорған аудандық сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.